Елордада «Нұрлы жер» аясындағы алғашқы баспана жыл соңында тапсырылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы бірінші нысан қашан пайдалануға берілетіндігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша біз өңірлерде ипотекалық несие береміз. Астанада әлі де нысандар жоқ, ал барша республика бойынша бар. Атап айтқанда, Астанадағы нысан қыркүйектің басында пайдалануға берілуі тиіс еді, қазіргі кезде ол жерге инфрақұрылым тартылып жатыр және жылдың соңына дейін бұл жұмыстар тәмамдалады. Тағы бір ескерер жайт, елордада өте үлкен конкурс болады»,- деді Ибрагимова «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру барысына арналған Үкіметтегі баспасөз мәслихатында .

Оның сөзіне қарағанда, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ипотекалық несиелер бес пайыздық мөлшерлемеде беріледі. Сонымен қатар бағдарлама аясында баспананың шаршы метрі 180 мың теңгеге бағаланып отыр.

Соңғы жаңалықтар