Елордада қоғамдық көлік жолақысы қымбаттай ма

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасы елорданың қоғамдық көліктеріндегі жолақы құны жөнінде ҚазАқпарат тілшісінің сауалдарына жауап берді. 

Басқарма өкілдерінің хабарлауынша, жақын арада елордалық қоғамдық көліктердегі жолақы құнын қымбаттату жоспарда жоқ.  

«Заңнамаға сәйкес, аталған мәселені қарау құзыреті қала мәслихатына тиесілі. Әзірге жолаушылар көлігі басқармасы қоғамдық көлікте жүру тарифын көтеру мәселесін қарастырып отырған жоқ», - деп мәлімдеді басқарма.

Бұған дейін қалалық жолаушылар көлігі басқармасы валидатордардың жетіспеушілігі мәселесін шешуге уәде берген еді. Атап айтқанда, ескі автобустарды жаңасына ауыстыру жоспарланған. Одан бөлек, астаналық кондукторларға өзімен бірге алып жүретін жеке валидаторлар беріледі.

Соңғы жаңалықтар