Елордада джиу-джитсудан халықаралық турнир өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында 7-9 желтоқсан аралығында джиу-джитсудан халықаралық рейтингтік турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турнирде топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар келесі жылы өтетін «Abu Dhabi World Professional Jiu-Jitsu Championship 2018» турниріне жолдама алады.

Жарыс ұйымдастырушылары: ҚР Джиу-джитсу қауымдастығы және ҚР Бразилиялық джиу-джитсу мен грепплинг федерациясы. Сайысқа 2007 жыл мен одан жоғары жастағы спортшылар қатыса алады.

Соңғы жаңалықтар