Елордада ардагерлер арасында бильярдтан жарыс өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1-2 желтоқсаны күндері Астанадағы «Зодиак» бильярд клубында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған бильярд спорт түрінен «Астананың Үлкен Кубогы» атты ардагерлер арасындағы халықаралық жарысы өтті.

бильярд
Турнирдің мақсаты - салауатты өмір салтын  кеңінен насихаттау, жаңа  елордамыз - Астана   қаласының  абыройын   асқақтату, жастарға  үлгі   көрсету, бұқаралық   спортты  дамыту.

Атаулы турнирге Қырғыз, Ресей елдерінің командалары, Астананың «Астана қырандары» командасы, Өскеменнің «Асау Ертісі», ОҚО-ның «13 аймақ», Алматының «Алатауы» және «Алматы түні» және «Көкшетау» командалары қатысты. Екі күнге созылған үлкен  кубок үшін   жарыс  өте  тартысты   әрі  қызықты   өтті.

бильярд  

Халықаралық турнирді   «Астана   қырандары» командасы,  «Ұлы  Дала Қырандары»  республикалық   қоғамдық   әлеуметтік,  мәдени  және  спорттық   қозғалысы,   Астана   қаласының    әкімдігі,  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті,   Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы,  Астана қаласының спорттық-бұқаралық шараларды өткізу дирекциясы ұйымдастырды.

ҚР Тұңғыш  Президенті  күніне  арналған   бильярдтан  ардагерлер   арасындағы  халықаралық  «Астананың   Үлкен  Кубогы» жарысы Өнер  академиясының    скрипкашылар ансамблінің өнерінің ашылуымен басталды. Бұдан кейін ҚР Мәдениет   және   спорт  министрлігінің Спорт  және     дене  шынықтыру   істері     комитетінің  төрағасы Елсияр Қанағатов турнирге қатысушыларды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы күнімен шын жүректен құттықтап, тастаяқ шеберлеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар турнирдің қатысушыларын жарыстың ұйымдастыру   комитетінің  төрағасы Сәдібек Түгел құттықтады.

Салтанатты ашылу рәсімінде Қырғызстан Жазушылар  одағының  төрағасы,    қырғыз халық   ақыны,    Мемлекеттік   сыйлықтың  иегері,  атақты  бильярдшы   Акбар  байке Рысқұлов, ШҚО «Асау Ертіс» командасының капитаны Серік Ақтанов, Алматы қаласы «Алатау» командасының капитаны Нұртілеу Иманғалиев, Шымкент қаласының «13 аймақ» командасының капитаны Нұрлан Айымбетов, турнирдің бас төрешісі, бильярд спорты бойынша жоғары санатты төреші Ерболат Жұмағұлов және осы турнирдің ұйымдастыру комитетінің төрағасы Қайрат Мирашевтер сөз сөйледі. 

1 место 2 место 3 место  

Екі күнге созылған турнирге 80-нен астам бильярдшы қатысты. Командалық   есепте 1-орынды Астана қаласының «Астана қырандары» командасы, 2-орынды Алматы қаласының «Алатау» мен «Алматы түні» командалары иеленді. Ал турнирдің жеңімпазы болып 1-орынды «Астана қырандарының» ойыншысы Мақсұт Иржанов иеленді. 2-орында - Пинигин Владимир («Астана қырандары»), 3-орында - Ли Вадим («Астана қырандары») мен Сайлаубек Мусинов (ШҚО «Асау Ертіс» командасы).

Соңғы жаңалықтар