Елорда тұрғындарының жұмыс кестесіне өзгеріс енгізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда тұрғындарының жұмысқа кірісу кестесіне өзгеріс енгізіледі. Бұл туралы Сенаттағы парламенттік тыңдауда ҚР Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қонаев, Мәңгілік Ел көшелерінде көлік кептелісін азайту мәселесіне тоқталатын болсақ, биыл ЭКСПО басталғанға дейін 24 және 26-ші көшелердің құрылысын аяқтаймыз, 31-ші көше соңына дейін ашылады. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы Ұлы Дала үлкен магистралінің құрылысын бастадық, бұл жол ЭКСПО ауданы мен жаңа теміржол вокзалы аралығын қосады»,-деді Хорошун.

Өз кезегінде депутат  Рашид Ахметов Сол жағалаудағы Мәңгілік Ел, Д. Қонаев және Достық көшелеріндегі көлік ағынын дұрыс реттеуге қатысты қандай шаралар қабылданатынын сұрады.

«Аталған көше қиылыстары бойынша біз екі нұсқаны пысықтап жатырмыз. Яғни, көлік кептелісін азайту үшін жол айырығын салу ескерілуде. Енді бұл жол айырығын жер үстінде немесе жер астында салуды қарастырудамыз»,-деп нақтылады Хорошун.

Оның сөзіне қарағанда, 29 мамырда ақылы көлік тұрақтары бойынша қанатқақты жоба аясында 400 орын ашылады. Сонымен қатар қазан айында қала аумағында тағы 9 мың орын ақылы тұраққа көшеді.

Мұнымен қоса, әкімнің бірінші орынбасары көшеде көлік санын азайту бағытында адамдар үшін жұмысты бастау кестесін өзгерту жоспары әзірленіп жатқандығын атап өтті.

«2-3 аптада тұрғындардың барша санаттары үшін жұмысты бастау кестесін өзгерту бойынша шешім қабылдаймыз. Атап айтқанда, қала тұрғындары сағат 8-9 кезінде бір уақытта жұмыстарына шықпас үшін, жұмыстың басталуы уақытын өзгертпекпіз»,-деп түйінде сөзін ол.

Соңғы жаңалықтар