Елорда емханалары ЭКСПО көрмесіне қатысушыларға көмек көрсетуге дайын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың медициналық мекемелері ЭКСПО көрмесіне қатысушыларға медициналық көмек көрсетуге дайын. Бұл туралы Денсаулық сақтау Министрлігінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың қатысуымен өткен Астана ЭКСПО 2017 xалықаралық көрмесіне медициналық мекеменің дайындығы мәселелері жөніндегі отырысында айтылды.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ермек Аманшаев қала әкімдігі тарапынан көрмеге қатысушылар мен қонақтарға қажетті медициналық қызметті көрсетуді қамтамасыз ету үшін барлық шаралар жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. «Қалалық стационарларда мамандандырылған, білікті медициналық көмек көрсету үшін қосымша 390 қосымша орындар жасалды. Көрменің өткізілу уақытында қалалық медициналық жедел жәрдем бекетінде 105 санитарлық автокөлігі, 10 көлік медициналық қызмет көрсететін болады. Әр жедел көмек беру бригадасында ағылшын тілін жетік білетін мамандар қызмет етеді», - деді қала әкімінің орынбасары.

Еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, көрмеге дайындық аясында қазіргі таңда үш негізгі бағытта жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, эпидемиологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық бағытта, сондай-ақ, радиациялық, xимиялық және биологиялық қорғауды қамтамасыз ету бағытында.
«Тамақ қауіпсіздігі мәселесі бойынша 238 мейрамхана мен дәмхана, 180 сауда нысаны тексеру барысында материалдық-теxникалық базасында кемшіліктер, тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі санитарлық ережелердегі талаптардың сақталмауы анықталды. 418 нысан бойынша 211 мекемеге әкімшілік шаралар қабылданды, ескертуді жою бойынша ұйғарым жолданды, оның 203 орындалды, қалған 8 орындалмаған ұйғарым бойынша материалдар Астана қаласының ауданаралық әкімшілік сотына жолданды»,- деді Жандарбек Бекшин.

 

Соңғы жаңалықтар