Елімізде ер адамдардың 15 пайызы белсіздіктен зардап шегуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпаратт - Еліміздегі ер азаматтардың денсаулығы дабыл қағарлық жағдайда. Алматыда академик Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы мамандарының жүргізген зерттеулері Қазақстан бойынша ер азаматтардың 15 пайызы белсіздектен зардап шегетіні анықталған, деп жазады Хабар 24.

Орталықта өткен алқалы жиында осы мәселе қаралды. Дәрігерлер тексеруге алған 25 мың ер азаматтың жартысынан көбінде простатит, варикоцеле, қуық асты безінің ісігі анықталған. «Аурудың асқынып кетуіне, ерлердің көбіне ерен санамайтыны себеп»,- дейді дәрігерлер.

Мәселен, ер азаматтардың 20 пайызы ғана аурудың алдын алуға мән беретін болса, 80 пайызы аурудан айығу үшін дәрігерлердің көмегіне жүгінеді екен. 

«Шаншу ұстағанша әбден жүрдім де, сосын шанышқан кезде амалсыз осы жаққа келдім ғой. Тастарды уатып, безді осы жерде еліміздегі жақсы аппараттармен операциямен алды. Қазіргі жағдайым жаман емес»,- дейді емделуші Амангелді Байсүлеев,

Бүгінде ғылыми орталықтың бастамасымен  «Ер адам денсаулығы» бағдарламасы қолға алынып, эндокринолог, кардиолог, психолог мамандар жұмыла жұмыс істеп жатыр.

«Балаларды жас кезінен қарау керек. Біз 600 баланы Қазақстан бойынша қарап шықтық.  Сонда 89 пайызы ауру. Туа біткен аурулар бар екенін көрдік. Өскен  кезде жақсы болу үшін жас кезінен бала кезінен қарау керек. «Ерлер денсаулығы және отбасылық ұзақ өмір» орталықтары еліміздің барлық өңірлерінде жұмыс істейді. Ал 2018 жылдан бастап, аталған орталықтарға мемлекет тарапынан қаржы бөлінбек», - дейді Б.Жарбосынов атындағы урология ҒО басқарма басшысы Мырзакәрім Алшынбаев. 

Соңғы жаңалықтар