Елдің жас велошабандоздары Қызылордадағы көпкүндікте сынға түсті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 21-23 сәуір аралығында велоспорттан қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы, КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері Марат Сатыбалдиевтің жүлдесі үшін жасөспірімдер арасында республикалық  веложарыс өтті. 

Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі хабарлайды.

Қызылорда қаласында өткен жарыс биыл сегізінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан мәлім еткендей, оған еліміздің 7 облысынан 21 команда, 100-ден аса спортшы қатысты.



Жарыста Александр Сафаров (Алматы облысы) - «Ең белсенді велошабандоз», қызылордалық Аян Шектібаев - «Ең жас велошабандоз» және Тимур Советханов  (ШҚО) «Жеңіске деген ынтасы үшін» номинациялары бойынша марапатталды.

Ұлдар арасында жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Жамбыл облысының, екінші орынды Алматы қаласының, үшінші орынды Павлодар облысының велошабандоздары жеңіп алды. Қыздар арасында Қызылорда облысы спортшылары үздік шықты, Жамбыл облысы - «күміс», Шығыс Қазақстан облысы - «қолаға» ие болды.


Үш күнге созылған веложарыстың қорытындысы

4  шақырымдық жекелей жарыс

ұлдар

I орын - Бекзот Магрипов  (Жамбыл)

II орын  - Ярослав Зинковский (Павлодар)

III орын - Оглы-Осман Коя  (Жамбыл)

қыздар:

I орын - Әсем Төлемісова (Қызылорда)

II орын - Милана Чичева (Жамбыл)

III орын -  Елена Мандракова (ШҚО)

 

60 шақырымдық топтық жарыс

ұлдар:

I орын - Максим Попугаев (Алматы қ.)

II - орын  Бекзат Магрипов (Жамбыл)

III - орын  Ярослав Зинковский (Павлодар)

 

40 шақырымдық топтық жарыс

қыздар:

I орын  -  Милана Чичева (Жамбыл)

II орын  - Ақтолқын Әбдіжаппар (Қызылорда)

III орын - Аружан Ғалымжанқызы (Қызылорда)

  

25 шақырымдық критериум

ұлдар:

I орын - Оглы-Осман Коя (Жамбыл)

II орын - Максим Попугаев (Алматы қ.)

III орын  - Ярослав Зинковский (Павлодар)

  

15 шақырымдық критериум

қыздар:

I орын -  Ақтолқын Әбдіжаппар (Қызылорда)

II орын -  Елена Мандракова (ШҚО)

III орын  - Милана Чичева (Жамбыл)

 

Жарыс қорытындысы бойынша жекелей есеп

ұлдар:

I орын - Бекзат Магрипов (Жамбыл)

II орын - Ярослав Зинковский (Павлодар)

III орын - Оглы-Осман Коя (Жамбыл)

қыздар:

I орын - Әсем Төлемісова (Қызылорда)

II орын-  Милана Чичева (Жамбыл)

III орын  - Елена Мандракова (ШҚО)

 

Жалпыкомандалық есеп

ұлдар:

I орын - Жамбыл облысы

II орын - Алматы қаласы

III орын - Павлодар облысы

қыздар:

I орын - Қызылорда облысы

II орын - Жамбыл облысы

III орын  - Шығыс Қазақстан облысы

 

Соңғы жаңалықтар