Елдің екі өңірінде жол көлігі қозғалысына шектеу енгізілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қостанай мен СҚО республикалық маңызы бар жолдарында  су тасқынына байланысты жол көлігі қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады «Қазавтожол» РМК баспасөз қызметі.

Бүгін Қостанай облысында су тасқынына байланысты Сарыкөл кентінен СҚО шекарасына дейін «Екатеринбург-Алматы» (686-729 шақырым) жолында көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді.

СҚО-да су тасқынына орай Мамлют учаскесінен 20-шы шағынауданға дейін «Челябі-Новосібір» жолында көліктің барлық түріне жол жабылды (528, 529 шақырымды су басты).

 Бұдан басқа, облыстың су шайған жолдары:

1. «Екатеринбург-Алматы»   766 шақырым  (ені  200 м. жол ернеуін су шайды).

2. «Екатеринбург-Алматы»   797 шақырым  (Жем Барақ өзеніндегі көпірді су шайды (ұзындығы - 46 м),  конусы мен өтпелі плитасы қирады).

3. «Екатеринбург-Алматы»   835 шақырым  (Ақан-Бүрлік өзеніндегі көпір (ұзындығы - 70 м), конусы мен өтпелі плитасы қирады).

  Көлік қозғалысына шектеу жоқ.

 Су тасқыны болуы ықимал учаскелерде «Қазавтожол» РМК облыстық филиалдары жұмыскерлерінің күшімен нығайту жұмыстары жүргізілуде. Ескерту белгілері қойылып, тәулік бойы  кезекшілік ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар