Елбасы Владимир Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Владимир Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы бүгін Ақорданың баспасөз қызметі twitter-дегі парақшасы арқылы хабарлады.

«Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Елбасы Владимир Путинді кезекті сайлаудағы жеңісімен құттықтады»,-делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, РФ президентінің сайлауы 2018 жылдың 18 наурызы күні өтті.

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметтері бойынша, РФ іс басындағы президенті Владимир Путин президент сайлауында алдыда келеді. Учаскелік сайлау комиссияларының қорытынды хаттамаларының 90% өңделіп, сайлаушылардың 76,41% Владимир Путинге дауыс бергендігі мәлім болып отыр.

Соңғы жаңалықтар