Елбасы ҰҚШҰ жанындағы Тұрақты кеңестегі Қазақстанның Өкілетті өкілін тағайындады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Жәнібек Абдуләкімұлы Иманәлиев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Бұған дейін ҰҚШҰ жанындағы Тұрақты кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілі болған Владимир Иванович Алесин зейнеттік жасқа толуына байланысты Президент Өкімімен қызметінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар