Елбасы Түркияға ресми сапармен барады

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Түркия Республикасына ресми сапармен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Анкарадағы келіссөздердің назарында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға осы жылдың жазында жасайтын алдағы ресми сапарының маңызды мәселелерін зерделеу. Тараптар, сондай-ақ екі мемлекет басшыларының төрағалығымен өтетін жоғары деңгейдегі Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысына дайындалуда.

Қ.Әбдірахмановтың Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоғлумен болған келіссөздерінің барысында тараптар Қазақстан Республикасы Президентінің Анкараға жасайтын сапарының күн тәртібі мен оның аясында қол қоюға ұсынылатын құжаттардың жобаларын үйлестіруді таяу болашақта аяқтауға келісті.





null  

Сонымен қатар бірқатар экономикалық келісімшарттарды жасасу мәселесі пысықталуда. Ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттары: көлік, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес, туризм. Тараптар екі елдің транзиттік-көліктік әлеуетін одан әрі дамытуға мүдделі.

Түркия Қазақстанның басым инвестициялық әріптесі болып қалуда. Екі ел үкіметі Президент Р.Ердоғанның өткен жылдың қыркүйек айында Астанаға жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырумен айналысуда.

2017 жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 28 пайызға артып, 1,9 миллиард долларды құрады. СІМ басшысы Қазақстан экономикасын жаңғырту бойынша бастамалар мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы айтты. Бұл ретте жиналғандардың қызыңушылығын әсіресе қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі туғызды.

nullМинистрлер Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің саммитіне дайындықты және Астанада орналасқан Түркі академиясының қызметін талқылады.

Сонымен бірге келіссөздер барысында тараптар Сирия жөніндегі Астаналық үдерісті одан әрі нығайтуға қолдау көрсетті.

Сапар аясында қазақстандық делегация Түркия саяси басшылығымен, іскерлік топтардың, сарапшылар қауымдастығының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесетін болады.

Соңғы жаңалықтар