Елбасы Сырдарияның сол жағалауындағы нысандардың құрылысын көрді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылордада Елбасы Сырдария өзенінің сол жағалауында салынып жатқан нысандардың құрылысын көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда қаласының бас жоспарымен және оны толық жоспарлау жобасымен танысты. 

Қазақстан Президентіне сол жағалаудағы құрылыс алаңы 1 532 гектар жерді құрайтыны, соның ішінде аумағы 500 гектар жерге бірінші кезекте құрылыс жүргізілетіні жөнінде баяндалды.  

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы сол жағалаудағы құрылыстың эскиздері мен инвестициялық жер телімдерінің сызбасын көрді.

Айта кетерлігі, жоспар бойынша 800 пәтерді құрайтын тұрғын үй кешендерін, әлеуметтік-мәдени және білім беру нысандарын салу көзделген. Сонымен қатар, 100 адамды қабылдай алатын емханасы бар, 300 адамға арналған көпсалалы аурухана, 320 балаға арналған балабақша, музей мен студенттер қалашығы салынады.

Фото: kyzylorda.gov.kz

 

Соңғы жаңалықтар