Елбасы Шымкенттегі «Gold Aluminum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Оңтүстік Қазақстанға жұмыс сапары барысында Шымкенттегі терезеге арналған алюминий бұйымдарын жасауға маманданған «Gold Aluminum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметімен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы ақпараттық стэндтер мен экспозициялық үлгілерді көріп, кәсіпорынның жұмыс жоспарлары жөнінде мәлімет алды.

null 

- Жеке өндіріс ашып, импортталатын тауарлардың орнын басу - еліміздің экономикалық дамуының қазіргі кезеңіндегі маңызды міндеттің бірі, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

null 

Соңында Елбасы компания қызметкерлерімен әңгімелесіп, жұмыстарына табыс тіледі және кәсіби жетістіктерге жетуіне ниеттестігін білдірді.

***

Кәсіпорын Индустрияландыру картасы аясында 2014 жылы іске қосылған. 2016 жылы «Gold Aluminum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 750 тоннаға жуық алюминий бұйымдарын шығарған. Кәсіпорын өнімдері таяу шетелдерге экспортталуда.

nullnull

Соңғы жаңалықтар