Елбасы шетелдік инвесторлардың келесі жылғы отырысының тақырыбын ұсынды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада өтіп жатқан Шетелдік инвесторлар кеңесінің 30-шы жалпы отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеңестің 31-отырысын «Жеделдетілген жаңғырту» тақырыбымен өткізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі отырыста айтылған барлық ұсыныстар біздің мұнан арғы жұмысымызда ескерілетін болады. Толықтай алғанда кеңестің көпжылдық жұмысы жоғары бағалауға лайықты. Біздің алдымызда қазіргі уақытта жаңа міндеттер тұр. Біз бірнеше кезеңнен өттік және сіздер көмектестіңіздер. Бүгінде біздің жұмысымызда бірнеше маңызды мемлекеттік бағдарлама бар», - деді Елбасы.

ҚР Президенті елімізде индустриялды-инновациялық бағдарламаны, 5 мың шақырым автомобиль жолын және бірнеше мың теміржолдарды салуды, әуежайларды және Каспий теңізіндегі портты ретке келтіруді көздейтін 5 жылдық инфрақұрылымдық бағдарламаны  белсенді жүргізу жалғасатындығын баса айтты.

«Бірінші кезекте, біздің алдымызда экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғырту міндеті тұр. Бұл жайында  мен Жолдауымда айтқан болатынмын. Дәстүрлі салалармен қатар инновация мен цифрлық технологияны қолдана отырып жаңа индустрияны дамыту қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы мұның барлығы да ауқымды инвестицияны, білікті кадрлар мен белсенді жұмыстарды  қажет  ететіндігін атап өтті.

Сондықтан кеңестің келесі жалпы отырысын «Жеделдетілген жаңғырту» тақырыбымен өткізуді ұсынамын. Егер сіздердің тараптарыңыздан қарсылық болса, онда біз бұл тақырыпты бекіте алар едік», - деді Қазақстан Президенті.

 Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелері Елбасы ұсынысын қолдады.

Айта кетейік, Шетелдік инвесторлары кеңесі Қазақстан Президентінің төрағалығымен өтетін кеңесші-консультативті орган болып саналады. Кеңес 1998 жылы елдегі инвестициялық қызмет пен инвестициялық ахуалды жақсартумен тікелей байланысты өзекті мәселелерді тиімді шешу үшін мемлекет пен шетелдік инвесторлар арасындағы тікелей үнқатысуды қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Елдің инвестициялық саясаты мен экономикалық дамуының басты аспектілері бойынша Қазақстан Президенті мен Үкіметінің қарауына ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу Кеңестің басты міндеті саналады.

Соңғы жаңалықтар