Елбасы өнімдері экспортқа бағытталған өндірістерді іске қосты

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы» ұлттық телекөпірі барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл және Алматы облыстарының аумағында орналасқан шағын және орта бизнес нысандарын іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті Елбасы! Жаңа инновациялық технологиялар еңбек жағдайын жақсартып, өнімділікті арттырады. Өніміміздің 60  пайызы Ресей мен ТМД елдеріне жеткізіледі. Біз экспорттық көрсеткіштерімізді көтеруге ниеттіміз», - деді  «ОРГСТРОЙ» ЖШС бас директоры Қали Ғылымхан.

«PSI STROY INDUSTRIES»ЖШС-нің басқарушы директоры Павел Беклемишев Елбасыдан жылдық қуаты 18 мың тоннаны құрайтын сапасы жоғары металл құрылғыларын шығаратын жаңа өндірісті іске қосуды сұрады.

«Біз кәсіпорынды дамытуды жалғастырудамыз. Біліктілігі жоғары дәнекерлеушілерді дайындайтын оқу орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Орталықты құруда шведтің дәнекерлеу құрал-жабдықтарын шығаратын компаниясы болды. Біздің кәсіпорнымыз ел экономикасының дамуына лайықты үлес қосарына сенімдіміз», - деді ол.

Ал «Коринская ГЭС» ЖШС-нің бас директоры Виктор Сычёв Қазақстан Президенті қолдауының арқасында елімізде жүздеген мың бизнесмендер қолдауға ие болып отырғандығын айта келе, шағын және орта бизнестің 3 жаңа жобасын іске қосуды сұрады.

Өз кезегінде Қазақстан Президенті Жамбыл мен Алматы облыстарының аумағында орналасқан өндіріс орындарының іске қосылуына рұқсат берді.

Соңғы жаңалықтар