Елбасы мұнай бағасы жайында: Нарықты болжай алмайсың

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан не үшін индустриялық даму жолын таңдағанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз шикізаттық емес сектор құру үшін 6 жыл индустрияландырумен айналысып келеміз. Мұнай мен газымыз, темір, қорғасын, мырыш, алтын, күмісіміз бар. Бірақ, нарықта баға конъюнктурасы өзгеріп отырады. Мұның барлығы да биржалық тауарлар. Бүгін былай, ертең олай. Кезінде мұнайдың бір баррелі 140 доллар болса, одан кейін 30-ға түсіп кетті, қазір 50-60 доллар болып тұр. Ал ертең қалай боларын білмейміз», - деп атап өтті Мемлекет басшысы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тілінде шыққан оқулықтардың таныстырылымында.

Елбасы осы ретте, бүгінде әлемде тақтатас газ өндіру дамып, балама энергияға көшу қарқын алып келе жатқанын еске салды.

«Сондықтан бізге басқа экономика қажет. Біз 6 жылда 120 жаңа кәсіпорын аштық. Бұл бізге жетіспей тұрған мүлдем басқа кадрлық деңгей, басқа жалақы, басқа адамдар, техникалар, инженерлер. Сондықтан да барлығы оңай емес», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар