Елбасы Конституцияға өзгерістер енгізу туралы заңды Конституциялық Кеңеске жолдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысына қол қою үшін ұсынылған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң Конституциялық Кеңеске жолданды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

2017 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасының Парламенті «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдап, Мемлекет басшысына қол қою үшін ұсынды.

Конституцияның 72-бабына сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев аталған заңды мемлекеттің қызмет қағидаттары мен басқару нысанына негізделген, Конституцияда белгіленген құндылықтарға сәйкестігі тұрғысынан қарастыру үшін Конституциялық Кеңеске өтініш білдірді.

Соңғы жаңалықтар