Елбасы халықаралық жеңімпаздар форумына қатысушыларға құттықтау жолдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ПРезиденті Нұрсұлтан Назарбаев «Бірлікпен жеткен Ұлы Жеңіс: майдан ерлігі  тыл беріктігі» атты халықаралық жеңімпаздар форумына қатысушыларға құттықтау жолдады. 

Құттықтауды форум барысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы оқып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бірлікпен жеткен Ұлы Жеңіс: майдан ерлігі  тыл беріктігі» атты VII халықаралық жеңімпаздар форумына қош келдіңіздер. Биыл жеңімпаздар форумы қонақжай Қазақстан жерінде  еліміздің жүрегі Астанада өтуде. Нақ осы қазақстандықтардың аға буыны барша халық сияқты Ұлы Жеңістің іргесін қалаған күшке айнала білді. Қазіргі жастардың сол үшін ардагерлерге шексіз риза екеніне сенімдімін», - деп атап өтеді Елбасы өз құттықтауына.

ҚР Президенті форум аз уақыттың ішінде беделді диалог алаңына айналғанын, бірқатар маңызды бастаманы жүзеге асырып келе жатқандығын атап өткен.

«Бұл ТМД мемлекеттерінің қызығушылықпен қатысуының, сарапшылар мен ғылыми қоғамдастық, ардагерлер мен жастар ұйымдары, БАҚ пен мемлекеттік органдар өкілдерінің белсенді ынтымақтастығының арқасында мүмкін болып отыр. Ортақ тарихи естеліктерді сақтаудың өзекті мәселелерін талқылау, Екінші дүниежүзілік соғыс туралы әділ тарихи білімді дәріптеу, оның оқиғаларын бұрмалау әрекеттеріне қарсы іс-қимыл жасау форумның маңызды тақырыптары болып табылады. Оның қорытындылары интеграциялық процестерді одан ары жандандыруға, ТМД кеңістігінде достық пен өзара түсіністікті нығайтуға септігін тигізетіндігіне сенімдімін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар