Елбасы баламалы энергетиканы дамыту болашағы туралы айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, қазіргі кезде Қазақстанда баламалы энергияны нақты тарифтері мен оны сатып алудың кепілдендірілген көлемі бар. Әзірше, ондай механизм тиімді жүйе болып саналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алайда технологиялар жылдам дамып келеді. Баламалы энергия күн сайын арзандап жатыр. Ендігі кезекте біз аукциондар жүйесіне көшуіміз керек. Ондай жүйе көптеген елдерде бар. Тура сондай жүйені бізде де енгізу керек. Соның арқасында баламалы энергетика саласында тиімді жобаларды іріктеп отыруға болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Шетелдік инвесторлардың бүгінгі отырысында. Осы орайда Мемлекет басшысы барлық инвесторларды бизнеске жасалып жатқан қазіргі жеңілдіктерді пайдалана отырып, баламалы энергетикаға ақшаны көптеп салуға шақырды.  

«Бүгінде «жасыл» инвестициялар жүйесін құруға арналған тұжырымдама дайындалып жатыр. Сіздерді аталған тұжырымдаманы әзірлеуге қатысып, «жасыл» тауарлар мен қызметтерді кеңінен енгізуге шақырамын. Ол үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығын пайдалануға болады», - деп атап көрсетті Президент.

Айта кетейік, отырыс барысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру бойынша есеп берді. Оның айтуынша, аталған орталық келесі жылдан бастап толыққанды жұмысістей бастайды .   «GE Oil & Gas» басшысы Лоренцо Симонели Қазақстанда индустриалдық интернетті кеңінен дамытуды ұсынды .  Ал Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы Байқоңырдың жанында жаңа күн электр станциясының салынатынын мәлімдеді .  

Соңғы жаңалықтар