Елбасы Астана инфрақұрылымын дамыту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстан Президенті бүгін, сейсенбіде «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына елорданың сәулет және қала құрылысы саласында атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі нәтижелері туралы баяндалды.

Сонымен қатар, Елбасы бірқатар инфрақұрылым нысандарының, сонын ішінде әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандардың құрылыс жоспарларымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев Астананың инфрақұрылымын одан әрі дамыту және жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Соңғы жаңалықтар