Эквадорда вице-президент пара алғаны үшін алты жылға сотталды

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Эквадор соты елдің вице-президенті Хорхе Гласаны қызметінен босатып, алты жылға бас бостандығынан айырды және Odebrecht бразилиялық құрылыс компаниясының ісі бойынша пара алғаны үшін 33 млн доллар айыппұл салды, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Бұл жемқорлыққа қатысты іс бойынша сотталған алғашқы жоғары лауазымды шенеунік.

Глас бұрынғы мемлекет басшысы Рафаэл Корреенің кезінде вице-президент болып жұмыс істеді және сайлауда Ленин Морено жеңіске жеткеннен кейін де өз қызметінде қалды. Алайда, кейінгі президент оның «командалық ойыншы» емес екендігін алға тартып, тамыз айында Гласты қызметінен шеттеткен. Қазанда сот Гласты Odebrecht ісі бойынша қамауға алу туралы шешім шығарды.

Ал, қарашада сот Гластың пара алуды ұйымдастырғаны үшін сот алдында жауап береді деп тапты.

Прокуратура дерегі бойынша, Глас экономиканың стратегиялық секторындағы бес мемлекеттік келісімшартты бергені үшін бразилиялық компаниядан 13,5 млн доллар көлемінде пара алған болуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар