ЭКСПО ұйымдастырушылары Дю Солей циркінің билеттерін өте арзан деп атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Дю Солей Циркінің» билеттері 24 сәуірден бастап сатыла бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Коммерциялау департаментінің директоры Дәулет Еркімбаевтың сөзіне сілтеме жасай отырып.

«Осы аптада, атап айтқанда 24 сәуірден бастап біз «Дю Солей Циркінің» билеттерін сатуға шығардық. Билеттерді біздің ресми кассаларымыздан, сондай-ақ билеттерді сату жөніндегі сайттан сатып алуға болады. Билеттердің бағасы ағымдағы сәтте 4 - 6 мың теңге аралығында», - деп мәлімдеді ол.

Оның айтуынша, әлемге танымал цирктің өнерін тамашалау үшін мұндай баға бұрын-соңды болмаған тым арзан болып табылады.

«Салыстырып қараңыз: осы цирк ұжымы Ресей Федерациясында бірнеше жылдан бері өнер көрсетіп келеді және билеттің ең төменгі бағасы біздің валютаға шаққанда шамамен 20 мың теңгені құрайды. Еуропаның батыс елдерінде және АҚШ-та «Дю Солей Циркінің» билеттері шамамен 45 мың теңге тұрады», - деп атап өтті Еркімбаев.

Соңғы жаңалықтар