ЭКСПО көрмесінен кейін Астана қалай өзгерді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - EXPO-2017 көрмесінің туристік аумағының ашылу салтанатында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев көрмеден кейін елорданың қалай өзгергенін айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«ЭКСПО-2017 көрмесінің стратегиялық жобасының арқасында Астана қаласы өте көркем келбетке ие болды. Халықаралық көрме еліміздің «жасыл» технологияларға деген ерекше қызығушылығын көрсетті. Қазақстан еуразиялық аумақта қауіпсіз әрі жылдам дамып келе жатқан мемлекет ретінде өзінің имиджін жақсарта түсті. Ал Астана еліміздің ең іскер әлі қаржылық орталығына айналды. Көрме нысандарының алдағы уақытта да ел игілігіне жарайтыны, атап айтқанда Халықаралық қаржы орталығы, ІТ-стартаптар технопаркі, «жасыл» технологияларды дамыту бойынша халықаралық орталықтың ашылатыны қуантады», - дейді қала әкімі.

Қала әкімінің айтуынша, IT-технопарк ашылуы біздің ғалымдарға, бизнесмендер және жас мамандар өздерінің инновациялық жобаларын іске асыруға мүмкіндік береді.

«Нұр Әлем» Астананың жаңа көрікті орнына айналып, ЭКСПО-2017 көрмесінің басты туристік мұрасы болып қалды. Еліміздің бас шыршасы және ең ірі мұз қалашығы «Нұр Әлемнің» маңында салынатыны туралы шешім қабылданды», - деп жаңалығымен бөлісті Астана әкімі.
null 

Ол сонынмен бірге, ЭКСПО-2017 ашылғалы бері оған 4 млн адам келгенін, бұл Астана үшін маңызды көрсеткіш екенін айрықша атап өтті.

«ШЫҰ және ТМД елдері арасындағы іс-шаралардың рейтингінде Астана осы бірлестіктердің ТОП-5 қалаларының қатарына енді. Инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, жаңа әуежай мен темір жол вокзалы салынды. 11 көше ашылды. 50 шақырымнан астам жылу желісі мен 25 шақырым электр желісі салынды. Қалада қонақүйлердің саны артты. Егер 2016 жылы олардың саны 165 болса, 2017 жылы қонақүйлердің саны 200-ден асты. Елордада жүздеген жаңа мейрамханалар мен дәмханалар ашылды. ЭКСПО-ның басталуына дейін 2 мыңнан астам бейнебақылау камералары орнатылып, бұл жұмыс қалада қылмыс деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді. Мәселен, 2017 жылдың 8 айы ішінде тіркелген қылмыстардың саны шамамен 20% төмендеді. Жылдың соңына дейін қалада 13 мың камера орнатылатын болады», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар