ЭКСПО компаниясында Рианнаның концертіне қатысты түсінік берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі департементінің директоры Сергей Куянов «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясындағы мәдени және ойын-сауық шаралар туралы расталмаған ақпаратты таратпауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы орайда ол ЭКСПО-ның ресми сайтында мәдени, ойын-сауық шараларының бағдарламасы орналастырылғанын, сондай-ақ олардың даталары бекітілген шарттар негізінде жасалғанын, сондықтан да бағдарламаның өзгеріске ұшырауы мүмкіндігі төмен екенін жеткізді.

«Бір ресми сайт бар екенін есте сақтаған жөн. Әрине, Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан да бөлек бағдарлама бар. Астана әкімдігінен де тиісті шаралар ескерілген, алайда, бұл жоспарлар үнемі өзгеріске ұшырап тұрады. Олар орналастырған ақпаратты қайта тексеріп отыру керек»,-деді ол Рианнаның концерті өтетіндігі жайында тараған ақпаратқа байланысты тілшілер сауалына жауап беру кезінде.

Естеріңізге сала кетейік, таяуда ЭКСПО-2017 шараларының кешенді бағдарламасы жарияланған болатын.

Осы сайтта,  6 шілдеде «Астана арена» стадионында атақты әнші Рианнаның концерті өтетіндігі туралы мәлімет пайда болды. Алайда кейіннен осы әншінің қатысуымен болатын мәдени шараның датасы тұрған бағана жойылып кетті. Сайт ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне тиесілі. Сонымен қатар ведомство Рианнаның Астанадағы концерті бойынша ақпарат расталмағанын хабарлады.  

Соңғы жаңалықтар