ЭКСПО-ға жұмсалған ақша ақтала ма - Президенттің жауабы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО сияқты xалықаралық шаралардың қаншалықты тиімді екенін түсіндіріп берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізі, бұндай сұрақтарға жауап қайтарамын деп, үнемі бөгеліп тұра берсең, көздеген мақсатыңа жете алмайсың. Сол сұрақтарға жауап беріп, жүре бересің. Кезінде «Астананы неге ауыстырдық?» деген сұрақты да көп қойды. Қазір бір миллионнан астам xалқы бар қалада тұрып жатырмыз. Сонда 20 жыл ғана өтті. Бүгінде Астанаға қатысты сұрақтар сап тыйылды. Міне, дәл солай кез келген жаңа бастаманы қолға алғанда сұрақтар көп болады. Уақыт өте келе, ол бастаманың тиімділігі көрінеді», - деді Н.Назарбаев отандық бұқаралық ақпарат құралдарымен болған кездесуде.

Осы орайда Президент Алматыдағы Универсиада үшін салынған құрылыс нысандарын да еске алды. Ол жерде спорт сарайлары мен тұрғын үйлер салынды.

«Қазір ол үйлер кезекте тұрған азаматтарға таратылып жатыр. Спорт кешендері қалды. Білуімше, Универсиададан кейін қысқы спорт түрлерімен айналысатындардың саны 60 пайызға артты. Иә, жаңа Астананы салуға да қыруар қаражат кетті. Алайда дәл қазір елордамыз жыл сайын бюджетке 1 триллион теңге құйып отырады. ЭКСПО да солай. Көрменің арқасында қаланың тағы бір ауданы бой көтерді. Сондықтан қазір жұмсалып жатқан ақша ертең бәрібір ақталады», - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

Айта кетейік, өз сұxбатында Мемлекет басшысы бюджет ақшасын банктерге не үшін беріліп жатқанын да түсіндірді. Өз сөзінде Мемлекет басшысы БТА банкін еске алды.

Соңғы жаңалықтар