ЭКСПО-ға тегін билеттер беріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы қала күніне арналған мерекелік акцияны жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Астана күніне орай 1-10 шілде күндері тегін билеттер беріледі. Астана тұрғындары мен қонақтары көрмеге үш билет сатып алатын болса, төртінші билет тегін беріледі. Сондай-ақ, демалыс күндері 17 жасқа толмағандар көрмеге тегін кіре алады. Ал 12 жасқа толмаған балаларды тек ата-аналармен ғана кіргізеді. Оған қоса, жеке құжаттарды көрсету керек», - делінген компанияның ресми xабарламасында.
Айта кетейік, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы арзан билеттерді сатылымға шығарды. Аталған билеттермен кешкі сағат 18:30-дан бастап кіруге болады. Ал арнайы абонементті сатып алса, ЭКСПО аяқталғанша көрме аймағына кіріп-шығуға мүмкіндік бар.

Соңғы жаңалықтар