ЭКСПО-ға салынған пәтерлердің барлығы сатылады - ҚР Президенті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне салынған барлық пәтерлер сатылады. Бұл туралы бүгін Ақордада отандық және шетелдік журналистермен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қысқа ғана уақыттың ішінде, үш жылға жетпейтін уақыттың аралығында Астанада толықтай жаңа бір аудан салынды. Онда 1 400 пәтер бар. Бұл пәтерлердің барлығы да елордалықтарға сатылады», - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаевтың атап өтуінше, аталған пәтерлерді баспанаға мұқтаж азаматтар сатып ала алады.

Соңғы жаңалықтар