ЭКСПО-дағы барлық лифттер Ақмоладағы зауыттан шығарылған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Целиноград ауданында 2 жыл бұрын салынған «Sky Express Elevator KZ» зауыты «ЭКСПО-2017» көрмесін толықтай лифттермен және эскалаторлармен қамтамасыз етті. Бұл туралы ОКҚ-да өңір әкімі Мәлік Мырзалин айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Мемлекет басшысының Жолдауында экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы басты басымдықтардың бірі болып белгіленген болатын. Биылғы жылдың 9 айы ішінде өңделген өнімнің үлесі 80% жетті. Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі», - дейді әкім.

Өңір басшысының айтуынша, Степногорсктегі мойынтірек өндіруші зауыт, «Алтынтау Көкшетау» ЖШС, «Қазақалтын» кірпіш зауыты «Enki» және басқа да бірқатар кәсіпорындар бүгін Ақмола индустриясының негізгі күші саналады. Бүгінгі таңда аталған кәсіпорындар бәсекеге қабілетті өнімді өндірумен бірге, оны экспортқа да шығарып жатыр.

«Жыл басынан бері «КАМАЗ-Инжиниринг» зауыты өткен жылмен салыстырғанда, өнімділікті 32% -ға арттырып, 700-ден астам жүк және арнайы көлік құралын жасап шығарды. Жылдың соңына дейін бұл көліктердің санын 1050-ге жеткізу көзделуде. Сондай-ақ, Целиноград ауданында екі жыл бұрын салынған лифт және эскалатор өндіру зауыты «ЭКСПО-2017» көрмесін толықтай (Қазақстандық-қытайлық «Sky Express Elevator KZ» ЖШС - авт.) аталған құрылғылармен қамтамасыз етті. Барлық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін 77 жоғары жылдамдықтағы лифт пен 8 эскалатор Ақмола облысынан «ЭСКПО» аумағына жеткізілді», - дейді Мәлік Мырзалин.

Соңғы жаңалықтар