ЭКСПО аумағында қандай нысандар пайдалануға берілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017 көрмесі өтетін аумақта бірқатар нысан пайдалануға берілді. Бұл туралы агенттік тілшісінің ресми сауалына орай Астана қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Қабанбай батыр даңғылы бойында 60-ы үйдің көппәтерлі 19 корпусы, осы дағыл бойындағы 60А үйдің көппәтерлі 20 корпусы және көрме қатысушыларына арналған автопаркингі бар тұрғын үй кешені толық дайын болған.

Мұнан бөлек, Сауда ойын-сауық орталығы (29 көше, 1 учаске), ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арнаған монумент (Хусейн бен Талал, 12/1 учаске) салынған. Шеру дайындау орынжайы бар ішкі істер бөлімінің ғимараты мен Энергия зерттеу орталығы пайдалануға берілген.

Соңғы жаңалықтар