ЭКСПО арқылы әлем Қазақстанның бай мәдениетімен жақынырақ танысты - Президент

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін шамамен 4 миллионға жуық адам келіп тамашалаған. Бұл туралы көрменің жабылу салтанатында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін 4 миллионға жуық адам келіп тамашалаған. Олардың үштен екісі жастар мен оқушылар. ЭКСПО-қалашықты күніне 40-50 мың адам келіп көрді. Әлем Қазақстанның бай мәдениетімен жақынырақ танысты», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы сонымен қатар, «Нұр Әлем» павильонын 1 млн 300 мың адам тамашалағанын, сондай-ақ жалпы көрмеге әлемнің 180 елінен мейман келіп көргенін тілге тиек етті.

«Көрмеге келген меймандардың әрбір алтыншысы шетелдік екенін атап өткім келеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар