ЭКСПО-2017 тәжірибесі Әбу-Дабидегі самитте ұсынылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық делегация Әбу-Дабиде өтіп жатқан Дүниежүзілік «Болашақтың энергиясы» саммитіне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Абу-Даби қаласында қаңтардың 15 мен 18 аралығында XI Дүниежүзілік «Болашақтың энергиясы» саммиті өтуде. Ауқымды шараға 26 мыңнан астам адам қатысып, 20 елдің павильоны мен  650 компаниялар экспоненті ұсынылды. Саммит жұмысына ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ербол Шорманов қатысты. Көрмеде «Астана ЭКСПО-2017» компаниясы ұйымдастырған жалпы аумағы 195 шаршы метрді құрайтын Қазақстан павильоны ұсынылған», - деп атап өтілген таратылған мәліметте.

«Павильонда елімізде іске асырылып жатқан, соның ішінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, сондай-ақ жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы жобалар мен көлік-логистикалық инфрақұрылым саласындағы бірқатар ауқымды жобалар қойылған», - деді Е. Шорманов.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ саммитке жыл сайын қатысып келеді. Қазақстан үшін бұл баламалы энергетика саласындағы мәселелерді талқылайтын алаң, сондай-ақ елімізге инвестициялар тартуда да маңызды.

Шарада энергетика саласындағы соңғы әлемдік трендтер мен инновациялық жобалармен танысу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, саммит аясында жыл сайын жаңғыртылатын энергия көздері жөніндегі Халықаралық агенттіктің Ассамблеясы (IRENA) және тұрақты даму аптасы (Abu Dhabi Sustainability Week) отырысы өткізілуде.

Соңғы жаңалықтар