«ЭКСПО-2017» көрмесіне ОҚО-дан 150 мың адам барады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстанды дүниежүзіне танытатын «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесіне Оңтүстік Қазақстан облысынан 150 мың адам барады. 

Олардың 3750-і - мектеп оқушылары. Сондай-ақ 139 мүмкіндігі шектеулі және зейнеткерлік жасындағы азаматтарды апару жоспарланып отыр. Қазір көрмеге баратындарды тасымалдау мен жатын орындары сайланып жатыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ОҚО кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасының туризмді дамыту бөлімінің басшысы Перизат Қонысбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Перизат Қонысбаеваның айтуынша, бүгінде өңірде халықаралық мамандандырылған көрмеге баруға облыс көлемінде дайындық шаралары жүргізіліп, сол бағытта тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

null 

«Қазір баратын азаматтардың саны белгілі. Оларды тасымалдау жағын қарастырып жатырмыз. Астана қаласындағы жоғары оқу орындарының жатақханаларынан орын алып жатырмыз, алдын ала тапсырыспен. Көрмеге баратындардың 15 пайызы ұшақпен жетеді. 110 мың 200 азамат пойызбен барады. Олардың билеттері алдын ала брондалып қойылған»,- деді Перизат Қонысбаева. 

Ал, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Мырзабаев көрмеге баратындар үшін билеттер сатылымға шыққанын айтады.

«Көрмеге барамын деп алдын ала билет алған азаматтар үшін біз 15 сәуірден бастап пойыз, ұшаққа билеттерді сатуды бастадық. Алдын ала болжаммен сатылып жатыр. 16750 орынды дайындап отырмыз, ары-бері жүріс үшін»,- деді Мақсат Мырзабаев.

Бұдан өзге облыс көлемінде жоспарға сәйкес, «ЭКСПО - 2017» көрмесін жарнамалау және ілгерілету, өңір тұрғындарының көрмеге қатысуын, көлікпен, жатын орынмен қамтамасыз ету, көрмеге қажетті еріктілердің даярлығын қамтамасыз ету, көрме қонақтарына арналған туристік маршруттар әзірлеу, көрменің өту кезеңінде Астана қаласына азық-түлік өнімдерін жеткізу және «Нұр әлем» Қазақстанның ұлттық павильонын толықтыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. 

null

Соңғы жаңалықтар