ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалауға 3,9 млн адам келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне 3,9 млн адам келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрмені ұйымдастырушылардың таратқан мәліметінше, келушілердің жалпы саны 3 977 545 құраған, ал бастапқы болжам бойынша 2 млн келуші күтілген.

Айта кетарлігі, 10 қыркүйекте аяқталған көрмеге 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты.

Сондай-ақ, көрменің басты нысаны - «Нұр Әлем» сферасы болашақ мұражайы ретінде қызметін жалғастырады.

Соңғы жаңалықтар