«ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде теміржол көлігімен 1,4 миллионнан астам жолаушы тасымалданды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЕХРО-2017» көрмесі кезінде теміржол көлігімен Астана қаласына жолаушыларды тасымалдау өсімі облысаралық бағыттар бойынша 23%-ға, ал халықаралық бағыттар бойынша 10%-ға ұлғайды, деп хабарлады бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі. 

Атап айтқанда, Астана қаласына теміржол көлігімен 1,46 млн. жолаушы келді. Еліміздің аймақтарынан 1,43 млн. жолаушы, ТМД мемлекеттерінен 31,3 мың жолаушы келді.

Жолаушылар көп келген аймақтар да анықталды. Алматы қаласы мен Алматы облысынан 245 мың жолаушы, оңтүстік аймақтардан - 207 мың, Павлодар облысынан - 176 мың, Ақмола облысынан - 173 мың, Қостанай облысынан - 160 мың, Қарағанды облысынан - 125 мың және Шығыс Қазақстан облысынан 105 мың жолаушы сапарлаған.

Сонымен қатар, Ақтөбе мен Атырау облыстарынан қатынайтын пойыздармен сапарлаған жолаушылар саны артқан. Бұл кезеңде Астанаға Ақтөбеден 57 мың, Атыраудан 47 мың жолаушы келген.

Айта кету керек, көрме ұйымдастырылған кезеңде жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету үшін Астана қаласына жүретін бағыттардың саны 44-тен 57-ге дейін көбейтіліп, 13 жолаушылар және қала маңы пойыздары іске қосылды.

Соңғы жаңалықтар