ЭКСПО-2017-ге Тараздан керуен келеді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат  - «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме барысында елордада Жамбыл облысының Мәдениет күндері өткізіледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»  ХАА тілшісі. 

«ЭКСПО-2017» аясында Астанада Жамбыл облысының Мәдениет күндерін өткізу жоспарланып отыр»,-деп мәлім етті өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев халыққа есеп беру кездесуінде. 

-Көрменің ашылуына арналған «Тараз-Астана» мәдени керуенін ұйымдастыру жоспарланып отыр. Керуен құрамында 30 түйе, 10 салт атты, 5 арба, 15 автокөлік, сонымен қатар өнерпаздар, қолөнершілер, ат спортының өкілдері және тағы басқалар болады, - деді облыс әкімі.

 

Өңір басшысы 2016 жылы мәдениет саласын дамытуға Жамбыл облысында жергілікті бюджеттен 4,7 млрд. теңге бөлінгендігін атап өтті.

Бұл қаржыға 29 нысанға күрделі жөндеу жүргізілді. Тараз қаласында - «Тәуелсіздікке 25 жыл» монументі бой көтерді. «Достық» үйінің жаңа ғимараты ел игіліне беріліп, татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігіне айналды.
Академик К.И.Скрябиннің үй-мұражайы, Қарахан кесенесі жанында орналасқан «Ортағасырлық мешіт» қайта қалпына келтірілді, және жыр алыбы Жамбылдың 170 жылдығына орай ақын атындағы «Руханият» мәдени орталығы ашылды.

Соңғы жаңалықтар