ЭКСПО-2017: Франция электр энергиясымен жүретін көліктерін таныстыруда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция ЭКСПО-2017 көрмесіндегі павильонын БАҚ өкілдеріне таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

null

«Астана ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Франция павильоны француздық жетекші кәсіпорындарды мемлекет қамқорлығының аясында біріктіреді. Бұған қоса, олардың көрме аясында инновациялық технологиялар саласындағы білімін, дағдысын және әлеуетін шынайы көрсетуге мүмкіндік беретін алаң қызметін атқарады. Жетекші компанияларымыз халықаралық аренада еліміздің беделін арттыруға да ықпал етеді»,- деді БАҚ өкілдеріне Франция павильонының бас комиссары Паскаль Лоро.

null 

Аумағы 1084 шаршы метр болатын Франция павильонында үздік француздық компаниялар мен стартап өкілдерінің энергетика саласындағы инновациялық технологиялары көрсетіледі. Олардың мақсаты - әлем қауымдастығының назарын энергия тұтынудың үнемді үлгілерін қолдану қажеттігіне аудару және климаттың жылыну процесін баяулатуға қабілетті шешімдерді ұсыну. Павильон «Экоқала», «Жаңаратын энергия», және «Экологиялық көлік» тақырыптары төңірегінде жобаланған және әрқайсысы француз кәсіпорынының сараптамалық саласы саналады.

null 

Павильонның бірінші қабатындағы 7 бөлік көрме қонақтарына «жасыл» энергетика саласындағы жаңа технологиялармен танысуға мүмкіндік береді. Әр бөліктің қабырғаларын павильонның басты серіктесі саналатын Total, Peugeot, Vicat сынды компаниялары бөліп алып, онда әлем өркениетінің дамуына үлес қосқан Францияның көрнекті қайраткерлерінің барлық шығармашылығынан сыр шертетін деректерді орналастырған.

null 

Сонымен қатар павильон қонақтары француздық компания әзірлеген дыбыс сіңіргіш заманауи соңғы үлгідегі материалдармен таныс бола алады. Мұнан бөлек, Peugeot компаниясының электр энергиясымен жүретін автомобилін, велосипеді мен самокатын, электроскутерін көруге болады.

null 

Айта кетерлігі, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясындағы Франциянның Ұлттық күні 21 маусымда өтеді. Оның аясында көрме қонақтары цирк, кабаре, ретро-будуарларды көре алады. Францияның оңтүстік-батысы мен Бретан дәстүрлі музыкасы ойналады. Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері француз стилінде ән шырқайды.

null

null 

null 

null 

null 

null 

null 

null

Соңғы жаңалықтар