ЭКСПО-2017-де Литваның Ұлттық күні өтіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы Қазақстан мен Литваның дипломатиялық қарым-қатынасына 25 жыл толады, деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017» комиссары Рапиль Жошыбаев Литваның ұлттық күнінде. 

Бұл туралы EXPO-2017 медиа-орталығы хабарлады.

Ол Литва мен Қазақстан арасында сенімді достық және іскерлік қатынас орнағанын атап өтті.

«Соңғы жылдары сауда айналымы 300 млн долларды құрады. Литва ЭКСПО-2017-ні Қазақстанда өткізуді қолдаған алғашқы елдердің бірі», - деді «Астана ЭКСПО-2017» комиссары

Қазақстан Республикасындағы Литва Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Витаутас Наудужас әлемдегі энергетиканың «жасыл» болып жатқандығына баса назар аударды.

«Біз ЭКСПО-2017-ге «Энергия» тақырыбындағы білімімізді жетілдіру мақсатында үш айға келдік. Біздің есебіміз бойынша, 2050 жылға қарай Жердегі адам саны 9 миллиардқа жетеді және халықтың төрттен бір бөлігі қалада тұрады. Бұл уақытқа дейін, 2000 жылмен салыстырғанда энергияға деген сұраныс екі есе өседі», - деп атап өтті Витаутас Наудужас.

Ұлттық күн аясында ресми делегация Қазақстанның «Нұр-Әлем» павильоны мен Литваның павильонына барып, лазерлік шоу тамашалады. 

Соңғы жаңалықтар