ЭКСПО-2017: Австрия өкілдері энергия алу тәжірибесімен бөлісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Журналистер Австрия республикасының павильонымен танысып шықты. Бүгін Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде осы елдің Ұлттық күні мерекесі тойлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
«Австрияны музыкасыз және велосипедсіз елестету мүмкін емес. Сол себепті біз павильонды жасақтау барысында осы екі нәрсені барынша пайдаланып, баламалы энергияның маңыздылығын көрсетуге тырыстық. Бұл жерде энергия өндіру үшін барлық инсталляцияларды қозғау қажет, айналдыру керек және тағысын тағы. Себебі энергияның басты көзі - адамның өзі, оның ақылы, жүрегі мен күші. Соның бәрі сарқылмас энергия көзі болып саналады», - дейді гид Анастасия Бондаренко.
null  

Павильонда велосипед басқышын айналдырғанда қанша энергияны өндіруге болатынын да білуге болады. Мәселен, жеңіл көлікті бір шақырым жерге энергиямен қамтамасыз ету үшін басқышты 12 сағат бойы айналдыру қажет. Сол сияқты бір үйге қажетті энергияны 5000 сағат өндіруге тура келеді. Ал компьютерде бір клик жасау үшін велосипед басқышын 52 секунд айналдырса да жетеді. Бұдан бөлек, әткеншектерді теуіп, музыканы шығаруға мүмкіндік бар.

Австрия тарихымен танысу үшін велосипедтің доңғалағын айналдыру қажет. Сарқырама суды көргісі келетіндерге де бір дөңгелекті қолмен айналдыруға тура келеді. Осылайша, австриялықтар кинетикалық энергияның, яғни қозғалыс күшінің маңыздылығын көрсетіп отыр.
null 

Айта кетейік, бүгін Австрия Республикасының Ұлттық күні аясында шатырлы концерт залында салтанатты шара ұйымдастырылды. Сол жерде Астанаға алғаш рет келген әлемге әйгілі «Әулие Флориан» ұлдар хоры өнер көрсетіп, Қазақстанның Әнұранын орындады.

Соңғы жаңалықтар