Экономикалық мамандардың білім сапасын арттыру - заман талабы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміз жоғары білім берудің заман талабына сай жүйесін жетілдірудің кезеңдерін өткізе отырып Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сай қазақстандық білім беру жүйесінің маңызды міндеті - білім беру мазмұны мен құрылымын жаңарту, яғни жаңа мазмұнда білім беру моделін құрастыру.

Білім беру моделі деңгейі экономикалық және ғылыми- техникалық прогрестің ең негізгі көрсеткіші екені белгілі.

Сапалы білім беру дегеніміз - ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық, практикалық іске қабілетті, еңбекке баулу, дүниетанымын кеңейту және студент бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жан-жақты тұлға тәрбиелеу болып табылады.

Бүгінгі күні Қазақстанның әлемдік бәсекеге қабілетті мамандар даярлау бағытында лайықты іс-шаралар атқарылуда. Осындай стратегиялық міндетті шараларды орындау барысында халықаралық талаптарға сәйкес елімізде жоғары білім беру жүйесін дамытудың лидері ғана емес, сондай-ақ қоғамның, білімнің, экономикалық инновациялардың дамуына елеулі үлес қосатын еліміздегі жетекші ірі оқу орны - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің орны бөлек.

Білім ордасы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және «Ғылым туралы» заңдарына және «Мемлекетіміздің жаңа саяси бағыты: «Стратегия - 2050» бағдарламасына, Елбасымыздың «Жалпы еңбек қоғамына бастар жиырма қадам» атты Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту жөніндегі бағдарламалық мақаласына, ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына, ҚР Үдемелі-индустриалды дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ, ҚР БжҒ министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын, сонымен қатар, университеттің 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын құқықтық басшылыққа ала отырып қызмет көрсетуде.
Бүгінде қазақстандық ЖОО-лар ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - әлемнің рейтінгісі жоғары және 200-топ «жасыл» университеті қатарына енген жалғыз оқу ордасы, бұл ғылым мен техника жетістіктерін кампустың энерготиімді стратегиясы мен қаланың экожүйесіне интеграциялау бойынша белсенді жұмысын айғақтайды.
Университеттің жоғары білікті мамандар даярлау үшін қолданылатын ғылыми, рухани-тәрбиелік, инновациялық және өндірістік қарымы жеткілікті. Қазіргі таңда елімізде қалыптасып келе жатқан жоғары білім берудің инновациялық үлгісі мен оқу үдерісін стандарттау, басқарудың елеулі өзгерісін, жаңа педагогикалық, ақпараттық технологияларды белсенді ендіруді үздіксіз және қашықтықтан білім беру арқылы дамытуды талап етеді.

«Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ», деп нақты айтқан Елбасы тапсырмасын орындаудағы ЖОО басты міндеті - өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуге қабілетті жоғары білікті жаңа буын мамандар даярлау. Бұл үшін ең алдымен білім беру сапасы, оны бағалау үшін халықаралық талаптарды ұстану, менеджменттің жаңа деңгейін және ұжымды басқарудағы заманауи тәсілдерді пайдалану, дипломдардың халықаралық деңгейде танылуы мен білім беру бағдарламаларының шетелдік жетекші оқу орындарының бағдарламаларымен сәйкестігін қамтамасыз ету, шетелдерде, сондай-ақ Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік және бірлескен ұйымдарда университет мамандарының біліктілігін тануға қажетті жағдай жасау мүмкіншіліктерінің артып отырғаны.

Бүгінгі күні заманауи технологиялар күн сайын жаңарып, заман талабына сәйкес білім беру үшін кафедра оқытушылары да үнемі ізденіс үстінде. Даму үдерісіне үлгере алмаған оқытушы заманына сай маман даярлай алмайтындығын тілге тиек етсек, оқытушы ең озық технологияларды жете меңгерген, тек теориялық тұрғыдан қаруланған емес, практикалық тұрғыдан машықтанған кәсіби құзыретті болғаны жөн. Әр оқытушы студентті кім үшін және не мақсатпен дайындап отырғанын білгенде ғана нақты нәтижеге қол жеткізе алатындығына сеніммен қарайды.

 

Соңғы жаңалықтар