Екібастұздық ғалымдар жас отбасыларға арнап арзандатылған үйлердің жобасын ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екібастұз өңірінің ғалымдары жас отбасыларға арнап төрт пәтерлі жеке меншік үйдің жобасын ұсынды. Мұндай үйлер нарықтағы жылжымайтын мүлік бағасынан 2-2,5 есе арзан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы «Павлодар аймақтық ғылыми-технологиялық орталық» ЖШС-нің қызмет көрсету туралы есебі кезінде белгілі болды.

Қ. Сатпаев атындағы Екібастұз инженер-техникалық институтының халықаралық байланыс пен ғылыми жұмыс проректоры Жарылқасын Қамбаровтың айтуынша, төрт пәтерлі үйлердің сапасы еуропалықтардың таун-хаустарынан кем болмайды.

- Әр пәтердің аумағы 82 шаршы метрді құрайды. Құрылыс кезінде үй автономды түрде қамтамасыз етіледі: саңылау, күн батарейлері, жел диірмені мен жылу тартатын сорғының орнатылу. Мұндай үдің бағасын 40 миллионға бағалап отырмыз. Біз бірақ қаражат сұрамаймыз, аталмыш үйлерді халыққа тиімді екенін көрсету үшін өзіміз салуға дайынбыз, - деді Жарылқасын Қамбаров.

Белгілі болғандай, әзірлеушілер Екібастұзда үй салу үшін жер сұраған, алайда бұл сұрақ әлі өз шешімін таппаған.

- Өте қызықты жоба екен. Бұл үйлерді Баянауылға да салуға болады. Тұрғындар мен туристер оны жоғары бағалайтынына сенімдімін. Ол жақта жер мәселесін жуық арада шешіп беремін, - деді облыс әкімі Болат Бақауов.

Соңғы жаңалықтар