Екібастұздық ғалымдар жас отбасыларға арналған төрт пәтерлі үйдің жобасын ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екібастұз өңірінің ғалымдары жас отбасыларға арнап төрт пәтерлі жеке меншік үйдің жобасын ұсынды. Мұндай үйлер нарықтағы жылжымайтын мүлік бағасынан 2-2,5 есе арзан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы «Павлодар аймақтық ғылыми-технологиялық орталық» ЖШС-нің қызмет көрсету туралы есебі кезінде белгілі болды. Қ. Сатпаев атындағы Екібастұз инженер-техникалық институтының халықаралық байланыс пен ғылыми жұмыс проректоры Жарылқасын Қамбаровтың айтуынша, төрт пәтерлі үйлердің сапасы еуропалықтардың таун-хаустарынан кем болмайды.

«Әр пәтердің аумағы 82 шаршы метрді құрайды. Құрылыс кезінде үйдің қажеттіліктері автономды түрде қамтамасыз етіледі: саңылау, күн батарейлері, жел диірмені мен жылу тартатын сорғы бәрі орнатылады. Мұндай үйдің бағасын 40 миллионға бағалап отырмыз. Біз бірақ қаражат сұрамаймыз, бұл үйлерді халыққа тиімді екенін көрсету үшін өзіміз салуға дайынбыз», - деді Жарылқасын Қамбаров.

Белгілі болғандай, жобаны әзірлеушілер Екібастұзда үй салу үшін жер сұраған, алайда бұл сұрақ әлі өз шешімін таппаған.

«Өте қызықты жоба екен. Бұл үйлерді Баянауылға да салуға болады. Тұрғындар мен туристер оны жоғары бағалайтынына сенімдімін. Ол жақта жер мәселесін жуық арада шешіп беремін, - деді облыс әкімі Болат Бақауов.

Соңғы жаңалықтар