Екібастұз-2 - Ерейментау аумағындағы темір жол қозғалысы қалпына келтірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 ақпан күні сағат 11:30-да Павлодар темір жол бөлігінің Екібастұз-2- Ерейментау аумағындағы Шідерті-Бозшакөл өткеліндегі қозғалыс толығымен қалпына келтірілді, деп хабарлайды «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» АҚ баспасөз қызметі.

Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, рельстен көмір тиелген вагондардың тайып кетуінен туындаған жағдайды реттуге Ерейментау, Павлодар және Есіл стансаларының қалпына келтіру пойыздары жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта пойыздардың қатынауы үшін жол ашық. Ал кешккен жолаушылар тиісті жерге жеткен соң «Темір жол көлігі туралы» және «ҚР темір жол көлігімен жолаушыларды, жүк және жолжүктерді тасымалдау туралы» ҚР Заңдарына сәйкес, толық өтемақы ала алады. 

Соңғы жаңалықтар