Екатерина Айдова: Бізге мықты бапкер керек

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында коньки спортынан сынға түскен отандасымыз Екатерина Айдова жарыстан кейін өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жарысты өздеріңіз көрдіңіздер. Осында келген спорт басшылары да қарап отыр. Бізге Жапон, Корея елдерінің спортшыларымен тең дәрежеде өнер көрсету үшін бізге мықты бапкер керек. Біз бір орында қалып қойдық. Ал өзге елдер алға кетіп барады. Енді, осыдан кейін, елге барғанда спорт басшылары бізге үлкен өзгерістер жасауы мүмкін. Не болса да мен спортты ары қарай жалғастыра беремін. Олимпиададан кейін тоқтап қалмаймын. Алда көптеген жарыстар бар», - деп атап өтті Айдова.

Естеріңізге сала кетейік, ол бүгін коньки спортынан 500 метр қашықтықта сынға түсіп, жарысты 21-ші орынмен аяқтады.

Соңғы жаңалықтар