Египетте тағы да жарылыс: Александриядағы ғибадатхана шабуылға ұшырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - БАҚ Мысырдағы тағы бір жарылыс жайлы хабарлады.

Египетте Александрия қаласындағы коптық православиялық Әулие Марк соборында жарылыс болды, деп хабарлайды Al Jazeera.

Тап қазіргі уақытта құрбан болғандар жайлы ақпарат жоқ, деп жазады russian.rt.com.

Бұдан бұрын Танта қаласындағы шіркеуде  жарылыс болғандығы хабарланған еді. Онда 30 адам ажал құшты. Осы оқиғадан кейін Тантадағы ІІМ жаттығу орталығы маңында екінші жарылыс орын алды. 

Соңғы жаңалықтар