«Егемен Қазақстан» ұжымы журналистер арасындағы турнирде жеңімпаз атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен БАҚ өкілдері арасындағы шағын футболдан Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған турнирде «Егемен Қазақстан» газеті бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осымен 20-шы рет өткізіліп отырған спорт додасына биыл 22 команда қатысты. Топтық кезеңде «Егемен Қазақстан» газетінің тілшілері «Проспорт» командасына 1:2 есебімен есе жібергенімен, «Қызылжар» командасын 4:2, «Казспорт» құрамасын 7:0 жеңді.

Ал 1/4 финалда ОҚО-2 командасын 2:1 есебімен ұтса, жартылай финалда «Хабар» телеарнасын да дәл осындай көрсеткішпен қапы қалдырды. Финалда олар Оңтүстік Қазақстан облысының БАҚ өкілдерінен құралған ОҚО-1 командасымен кездесіп, оларды да 2:1 есебімен ұтып, турнирдің жеңімпазы атанды.

Үздік екінші орынды ОҚО-1 командасы жеңіп алса, үздік үштікті «Хабар» арнасының аяқдоп шеберлері қанжығасына байлады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы кубоктармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар