ЕАЭО Кеден кодексінің күшіне ену мерзімі жарты жылға ұзартылуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЕАЭО Кеден кодексінің күшіне ену мерзімі 2017 жылғы 1 шілдеден 2018 жылғы 1 қаңтарға ауыстырылуы мүмкін. Бұл туралы журналистерге сыртқы экономикалық қызметтің өзекті мәселелеріне арналған конференцияда ЕЭК кедендік заңнама және құқық қолдану практикасы депатаментінің директоры Дмитрий Некрасов хабарлады, деп жазды ТАСС.

Оның айтуынша, кодексті ратификациялау жұмысы баяу жылжуда.

«Біз Кеден кодексі туралы шартқа Кеден кодексі соңғы ратификациялық грамота тапсырған сәттен бастап, бірақ 1 шілдеден бұрын емес мерзімде күшіне енеді деген норма енгіздік. Ратификация бірінші жартыжылдықта болады деп ойладық», - деді ол.

«2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді десек, шындыққа жақын болады», - деп қосты ол.

Некрасов нақты шешім мен заңнаманы үйлестіру ЕАЭО мемлекеттері басшыларының мамырдағы кездесуінде қабылдануы мүмкін екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар