Дзюдо: Ел қоржынына екінші қола медаль түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тунисте дзюдодан өтіп жатқан әлемдік Гран При кезеңінде ел қоржынына екінші қола медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екінші жүлдені 66 келі салмақта ел намысын қорғаған Ерлан Серікжанов жеңіп алды. Ол жұбаныш белдесуінде Ресейлік Иса Исаевты иппонмен әдісімен жеңіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бүгін, жарыстың алғашқы күні дзюдошылар 5 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады. Қазақстан құрама командасынан 4 дзюдошы татамиге шығып, оның 2-еуі жеңіс тұғырынан көрінді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 60 келі салмақта Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдегер атанған болатын. 

Жарысты «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр. Аталған додада Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан 13 татами шебері ел намысын қорғайды.

Соңғы жаңалықтар