Дүйсенбіде елімізде қар жауып, жел күшейеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 ақпанда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның оңтүстік-шығыс, батыс, солтүстік-шығысында құбылмалы ауа райы күтіледі, кей жерлерде қар жауады. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталуы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с-ге жетеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болады.
Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарында тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетеді деп болжанады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болып, желдің екпіні 15-20 м/с-ге күшейеді.
Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Соңғы жаңалықтар