Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде дүйсенбі күні ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерге қар, жауын жауады. Бірқатар аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді деп күтілуде.

Ақмола облысында түнде көктайғақ, боран болып, түнде және таң ата кей жерлерге тұман түседі. Түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз елдің басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23-28 метр болады.

Алматы облысында түнде кей жерлерге тұман түседі, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл облысында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, түнде кей жерлерге тұман түседі.

Оңтүстік Қазақстан облысында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, түнде және таң ата тұман түседі.

Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, Батыс Қазақстан облысында түнде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Маңғыстау облысында тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау облысының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады, түнде және таң ата тұман түсіп, көктайғақ, боран болады.

Ақтөбе облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде кей жерлерде боран болып, таң ата желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Павлодар облыстарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, кей жерлерде тіпті 23-18 метр болуы ықтимал. Сондай-ақ тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қарағанды облысында тұман түсіп, көктайғақ болып, кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады екпіні 23 метр.

Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында көктайғақ, түнде және таң ата кей жерлерде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Соңғы жаңалықтар